Ұлытау облысының ,,Ассамблея жастары,, құқықтық мәдениетті нығайтуға және заңға құрметпен қарауды қалыптастыруға бағытталған «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыруға белсенділік танытты. Акция барысында жастар заңның қоғамдағы маңызын, тәртіп пен жауапкершіліктің рөлін тұрғындарға тағы бір мәрте жеткізе білді.
Сондықтан заңды білу, оны құрметтеу және қоғамдық тәртіпті сақтау — әрбір жас үшін маңызды міндет. Осындай бастамалар жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастырып, саналы әрі жауапты қоғамның дамуына өз үлесін қосады.
Ассамблея жастары — белсенділік, бірлік және жауапкершілік жолында!




