Ұлттық құрылтайдың V отырысы Қызылорда қаласында ұйымдастырылды. Отырыс барысында еліміздегі қоғамдық келісім, әлеуметтік тұрақтылық және азаматтық қоғамды дамытуға қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Құрылтайға қатысушылар алдағы кезеңге арналған ұсыныстар мен жоспарларын ортаға салып, елдің дамуына үлес қосатын нақты шараларды қарастырды.
Қатысушылар әлеуметтік, экономикалық және құқықтық салалардағы мәселелерге ерекше назар аударып, қоғамдағы диалогты дамыту жолдарын талқылады. Отырыс барысында ұсыныстардың жүзеге асуы мен тиімділігін қамтамасыз ету мәселелеріне баса мән берілді.
Іс-шара соңында Қоғамдық келісім КММ директоры Гүлбану Сейтжанова өз пікірін білдіріп, құрылтай жұмысының маңыздылығына тоқталды. Ол мұндай кездесулердің азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға, қоғамдық пікірді ескеріп нақты шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретінін атап өтті.




