Қазіргі таңда мемлекеттік қызмет жүйесінжаңғырту мен басқару сапасын арттыру – ел дамуының негізгі басымдықтарының бірі. Осы бағытта өңірлерде жүзеге асырылып жатқан маңыздыжобалардың бірі – өңірлік кадр резерві. Бұл бастамабілікті, бастамашыл әрі кәсіби мамандарды іріктеп, оларды мемлекеттік басқару жүйесіне тартуғамүмкіндік береді.
Өңірлік кадр резервінің басты мақсаты – жергіліктіатқарушы органдардағы бос немесе жауаптылауазымдарға лайықты үміткерлер пулынқалыптастыру. Резервке енгізілген азаматтар арнайыіріктеу кезеңдерінен өтеді. Атап айтқанда, олардыңкәсіби білімі, басқарушылық қабілеті, стратегиялықойлау дағдылары мен жеке құзыреттері жан-жақтыбағаланады. Бұл – кадрлық шешімдердің ашықтығынқамтамасыз етіп, меритократия қағидаттарыннығайтуға бағытталған қадам.
Мысалы, Ұлытау облысы өңірінде кадр резервінқалыптастыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Резерв құрамына енген мамандар түрлі салаларда – экономика, қаржы, ішкі саясат, аудит, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және басқа да бағыттарбойынша жетекші қызметтерге тағайындалып келеді. Бұл өз кезегінде басқару тиімділігін арттырып, өңірдіңәлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал етуде.
Өңірлік кадр резервінің артықшылықтары көп. Біріншіден, ол мемлекеттік қызметке талантты жастармен тәжірибелі мамандарды тартуға мүмкіндік береді. Екіншіден, кадрлық сабақтастықты қамтамасыз етіп, басқару жүйесінде тұрақтылық қалыптастырады. Үшіншіден, кадрларды даярлау мен олардың кәсібидамуына жағдай жасайды.
Бүгінде мемлекеттік басқаруда нәтижегебағытталған, жауапкершілігі жоғары кадрларғасұраныс артып отыр. Осы тұрғыда өңірлік кадр резерві– заманауи талаптарға сай басқару корпусынқалыптастырудың тиімді құралы. Бұл бастамамемлекеттік аппараттың сапасын арттырып қанақоймай, халыққа көрсетілетін қызметтің де деңгейінжақсартуға септігін тигізеді.
Осы тұста білікті әрі басқарушылық қабілетіжоғары мамандарды мемлекеттік қызметке ілгерілетумақсатында өңірлік кадр резервінің бірқатар мүшелеріжауапты лауазымдарға тағайындалды.
Атап айтқанда, И.Сәтбаев Ұлытау облысы әкімінің аппараты ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің басшысы қызметіне кірісті. Бұл бөлім облыс әкімінің тапсырмаларының орындалуын бақылап, мемлекеттік органдар арасындағы үйлестіру жұмыстарын қамтамасыз етеді.
Р.Мұханбетжан Ұлытау облысының экономика басқармасы басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды. Ол өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін арттыру, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және бюджеттік жоспарлау бағытындағы жұмыстарға жауапты болады.
М.Смағұл Ұлытау облысы әкімінің аппараты Ішкі аудит бөлімінің басшысы болып тағайындалды. Ішкіаудит қызметі қаржылық тәртіпті нығайтуға, мемлекеттік ресурстардың тиімді пайдаланылуын бақылауға және тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған.
Сонымен қатар, М.Жетимекова Қаражал қаласы ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы қызметіне кірісті. Аталған бөлім қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, мәдени жобаларды іске асыруға және тіл саясатын дамытуға жауап береді.
С.Шайдарова Жаңаарқа ауданы экономика жәнеқаржы бөлімі басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл қызметте ол ауданның бюджеттік жоспарлау және қаржылық тұрақтылық мәселелеріне жетекшілік етеді.
Ал, Р.Атибеков Сәтбаев қаласы тұрғын үйқатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы болып тағайындалды. Оның негізгі міндеті – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуын қамтамасызету және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру.
Өңірлік кадр резерві – кәсіби әрі бәсекеге қабілетті мамандарды іріктеп, олардың мансаптық өсуінежағдай жасайтын тиімді тетік. Ұлытау облысында бұлбастама мемлекеттік басқару сапасын арттыруға және өңірдің тұрақты дамуына оң ықпал етуде.
А. Абикенова,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет
істері агеттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің
Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы.




