Сәтбаев қаласының әкімдігі, 2025 жылғы 19 желтоқсандағы 83/01 қаулысына сәйкес, топырақтың құлау қаупіне байланысты және тұрғындардың туыстарының қабірлеріне қауіпсіз қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, бұрынғы Жезқазған кентінің оңтүстік бөлігінде орналасқан христиан зиратында жерленген марқұмдардың сүйектерін қайта жерлеуді және құлпытастарын көшіруді жоспарлап отырғанын хабарлайды.
Марқұмдардың сүйектерін қайта жерлеу Сәтбаев қаласындағы жаңа христиан зиратына жүргізілетін болады.
Қайта жерлеу бойынша өтініштерді қабылдау мекенжайы: Сәтбаев қаласы, Сәтбаев даңғылы, 111 (ХҚКО ғимараты), 410-кабинет.
Байланыс телефондары: +7 771 287 14 69, +7 705 199 72 15.




