ҰЛТ ҰЯСЫ – ҰЛЫТАУДА ҰЛТТАР ДОСТЫҒЫ НЫҒАЮДА ⚜️
Ұлытау өңірі – тарихы терең, бірлік пен ынтымақты ту еткен қасиетті мекен. Бүгінде бұл аймақта ұлтаралық келісім мен қоғамдық татулықты нығайту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Соның айқын дәлелі – Қазақстан халқы Ассамблеясының Ұлытау облысы филиалы жанынан құрылған Этномедиация кеңесінің белсенді қызметі.
2025 жылдың 29 желтоқсан күні Этномедиация кеңесінің отырысы өтіп, жыл бойы атқарылған жұмыстар жан-жақты сараланды. Кездесу барысында этносаралық қатынастарды дамыту, қоғамдық келісімді сақтау, өзара түсіністік пен сенімді арттыру бағытындағы іс-шаралардың нәтижелері талқыланып, келер жылға арналған нақты жоспарлар айқындалды. Алдағы уақытта бұл бастамалар жөнінде кеңінен ақпарат берілетін болады.
Қазақстан халқы Ассамблеясы – ел ішіндегі тұрақтылық пен келісімнің негізгі тірегі. Оның басты мақсаты – мемлекеттік ұлттық саясатты жүзеге асыру, еліміздегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылын тиімді ұйымдастыру.
Осы маңызды шара аясында Ұлытау облысының Этномедиация кеңесінің мүшесі ретінде Ұлытау облысының Жоғары спорт шеберлігі мектебінің атынан Ұлытау облысының қоғамдық келісім мекемесінің басшысы Гүлбану Орынбасарқызына, сондай-ақ Гүльназ Рашидовна мен Евгений Вячеславовичке ерекше алғыс білдірілді. Аталған азаматтар Ұлытаулық көпұлтты спортшылар арасында ұлтаралық келісім мен достықты нығайтуға бағытталған саясатты жоғары деңгейде жүзеге асырып келеді.
Бірлік пен келісім – ел дамуының берік негізі. Ұлытауда қолға алынған игі бастамалар өңірдегі татулықты одан әрі күшейтіп, ортақ мақсат жолында жұдырықтай жұмылуға жол ашады.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Қазақстандағы көпұлтты халықтың арасындағы достық пен өзара сыйластық мәңгі жасай берсін!




