«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының ең жас қатысушыларының бірі – Жүгінісов Ескендір Ардақұлы 3 000 000 теңге көлеміндегі грантқа ие болып, бұл қаражатты заманауи лазерлік шеберхана ашуға бағыттады.
Жоба аясында ол ағаштан және басқа да материалдардан түрлі бұйымдар дайындауға арналған қажетті құрал-жабдықтарды сатып алып, қауіпсіз, функционалды әрі шығармашылық кеңістік қалыптастырды. Қазіргі таңда шеберханада декоративтік және тұрмыстық бұйымдар, сувенирлер, жеке тапсырыспен жасалатын бірегей өнімдер әзірленуде.
Ең жас қатысушы Ескендір Ардақұлының бастамасы өңірдегі жастардың қолөнерге деген қызығушылығын арттырып, кәсіпкерлікке қадам жасауына шабыт беруде. Оның жобасы жергілікті нарықта сапалы, креативті өнімдердің пайда болуына ықпал етіп, шығармашылық индустрияның дамуына өз үлесін қосуда.
Бұл бастама өңірде жас кәсіпкерлерді қолдауға, шағын кәсіпкерлікті дамытуға және қолданбалы өнерді жандандыруға бағытталған маңызды әрі әлеуметтік маңызы жоғары жоба ретінде бағалануда.




