Департаментпен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және табыс пен мүлік туралы декларацияларда көрсетілген деректерді жариялау тәртібіне қатысты іс-шаралар жүзеге асырылуда.
Бұл ретте, саяси мемлекеттік лауазымды тұлғалар, судьялар, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде басқарушылық функцияларды орындайтын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары) ұсынған, жеке тұлғалардың декларацияларында көрсетілген мәліметтерді жариялау бойынша түсіндірме жұмыстары атқарылды.
Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың және орталық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілеріне ойын мекемелерінде құмар ойындарға және бәс тігуге қатысу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдауға қатысты семинар-кеңестер өткізілді.
Осы орайда, Департамент тарапынан мемлекеттік қызметтің беделін арттыруға, қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған жұмыстар жалғасын табатын болады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті




