Қазақстан халқы Ассамблеясы Ұлытау облысы Аналар кеңесінің және Жезді кенті әкімдігі мен Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен ,,Салауатты сана,, жобасы аясында «Шаңырақ шуағы» тақырыбында семинар-практикум өтті.
Іс-шараны Жезді кенті Аналар кеңесінің төрағасы Айнагүл Мукушева жүргізіп, отбасындағы татулық пен берекенің қоғамдағы тұрақтылықтың негізі екенін атап өтті.
Іс-шараға Жезді кентінің әкімі Мұратбек Жұмабеков қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Сонымен қатар арнайы қонақ ретінде Ұлытау облысы «Қоғамдық келісім» мекемесінің директоры, Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық Аналар кеңесінің төрағасы Сейтжанова Гүлбану Орынбасарқызы, сондай-ақ бірқатар қонақтар қатысты.
Іс-шара «Жас келін – жанұяның жүрегі» атты жас келіндер арасындағы сайыспен жалғасын тапты. Сайыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар өздерінің өнерлерін, ұлттық салт-дәстүрге деген құрметін және шеберліктерін көрсетті.
Қазылар алқасының құрамында Гатиятова Гүлназ Рашидовна – «Ақ қалфақ» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің Аналар кеңесінің төрайымы және облыстық Аналар кеңесінің мүшесі, іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі, кәсіпкер - Жанна Бағдатқызы Шубаева болды.
Сайыс қорытындысы бойынша:
Бас жүлде – Нұрділдә Лиза Өтемұратқызы;
І орын – Бекболатова Зарина Ұлықбекқызы;
ІІ орын – Кугулбаева Раушан Сағынбайқызы;
ІІІ орын – Бейсетбаева Дамиля Қанатқызы иеленді.
Сайысқа қатысқан барлық жас келіндерге кент тұрғындары ризашылықтарын білдірді . Бұл іс-шара отбасылық құндылықтарды дәріптеуге, ұлттық дәстүрлерді насихаттауға және жас отбасыларды қолдауға бағытталған тағылымды шара болды.




