Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Советбек Медебаев Тұрсынұлы облыстық және қалалық мәслихат депутаттарымен, сондай-ақ қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесу өткізді. Кездесуде тұрғындардың маңызды мәселелері талқыланды. Соның бірі, құм кен орнынан ауысқан компаниялардың қоршаған ортаға әсері және эмиссиялық төлемдерді төлеу мәселелері, облыстар арасындағы газ бағасының айырмашылығы, экологиялық ахуал және халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері де талқыланды.
Кездесуде Ұлытау обоысы мәслихатының депутаты, Сәтбаев қалалыұ жылумен-сумен қамту кәсіпорнының директопы Ержан Тоқымбаев стратегиялық маңызы бар Жезқазған және Сәтбаев қалаларының шаруашылық-фекальды тазарту құрылыстарын қайта жаңарту мәселесін көтеріп, жобалық-сметалық құжаттаманың дайын екенін, ал қаражат бөлу мәселесін шешуді қажеттігін айтты. Сондай-ақ кездесуде
инфрақұрылымды дамыту тұрғысынан Жезқазған-Арқалық және Жезқазған-Қарағанды бағытындағы тас жолдарда жөндеу жұмыстарын бастау қажеттілігі қозғалды. Бұл жолдар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін өте маңызды.Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті қолдау мақсатында ветеринарлық зертхана ашу және тері өңдеу цехын іске қосу жөнінде ұсыныстар енгізілді. Аталған жобалар жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.
— Көтерілген мәселелер тиісті мемлекеттік органдардың қарауына ұсынылып, назардан тыс қалмайтын болады-деді сенатор С. Медебаев.




