Ескі жылдың соңы, жаңа жылдың басы Сәтбаев қаласы аулаларында қоқыс әдеттегіден көзге көп шалынды. Неге?
-Өйткені, 1 қаңтардан бастап қоқыс жинаумен айналысқан «Сәт-Тазалық» компаниясымен келісімшарт тоқтатылды. Жаңа мердігер — «Ұлытау эко сервис» анықталды. Келісімшартқа 5 қаңтарда қол қойылады. Соған қарамастан, компания 1 қаңтардан бастап жұмысқа кірісіп, күшейтілген режимде қызмет көрсетуде.
Өкінішке қарай, "Сәт Тазалық" екі күнге шыдамай, уағдаластық мерзімі бітпей жатып, жұмысын тоқтатып тастады.Яғни, арттарын тазаламай кетіп қалды. Сондықтан, жаңа компания іске кірісеміз дегенше, аулаларда қоқыс үйіліп қалғаны байқалды- дейді Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммунальды шаруашылық бөлімінің басшвсы Әшім Мұхамбетәлі.
Қала тазалығы тек қоқыс шығаруымен шектелмейді. Көшелер мен жолдарды тазалау жұмыстары да үздіксіз жүріп жатыр. Демалыс күндеріне қарамастан, коммуналдық қызметтер тынымсыз еңбек етуде. Бұл бағытта 8 арнайы техника мен 20 маман жұмылдырылған.
Барлық жұмыстар тұрақты бақылауда.




