Ұлытау облысында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Журналистер клубы мен Ұлытау Хабтың бірлесуімен жасанды интеллект (ЖИ) тақырыбында танымдық воркшоп өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қатысушыларға жасанды интеллект технологияларының мүмкіндіктерін таныстыру, оны журналистика саласында және күнделікті ақпараттық жұмыстарда тиімді қолдану жолдарын түсіндіру.
Воркшоп барысында жасанды интеллекттің қазіргі даму бағыттары, медиа саласындағы рөлі, контент дайындау үдерісін оңтайландырудағы артықшылықтары туралы мәліметтер ұсынылды. Қатысушылар практикалық мысалдар арқылы ЖИ құралдарын қолдану тәсілдерімен танысты.
Шараға журналистер, медиа саласының өкілдері және жас мамандар қатысып, тақырып аясында пікір алмасты. Ұйымдастырушылар мұндай танымдық кездесулердің кәсіби біліктілікті арттыруға және заманауи технологияларды игеруге септігін тигізетінін атап өтті.




