Zoom платформасында «Қазақстанның қазіргі заманғы конституциялық моделі: принциптері мен құрылымы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шара өзектілігімен және мазмұндылығымен ерекшеленіп, қатысушылар арасында қызу пікір алмасуға мүмкіндік берді.
Дөңгелек үстел барысында Қазақстанның конституциялық дамуы, негізгі қағидаттары, билік тармақтарының өзара байланысы, сондай-ақ құқықтық мемлекет қалыптастырудың маңызды мәселелері кеңінен талқыланды. Қатысушылар елдегі конституциялық реформалардың маңызына тоқталып, олардың қоғам дамуына тигізетін әсері жөнінде ой бөлісті.
Іс-шараның спикері – тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Тлеужанова Марал Карибаевна өз баяндамасында тақырыпты жан-жақты талдап, қазіргі конституциялық модельдің құрылымы мен принциптеріне терең сараптама жасады. Спикердің мазмұнды баяндамасы қатысушылардың қызығушылығын арттырып, өзекті сұрақтар төңірегінде пікірталас өрбуіне ықпал етті.
Кездесу жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар тарапынан оң бағасын алды. Мазмұнды әрі пайдалы өткен дөңгелек үстелге белсенді қатысқан барлық қатысушыларға және спикерге шынайы алғыс білдіреміз.




