Осыған байланысты Жезқазған қаласында кәсіпкерлерге арналған ақпараттық кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға салық саласы бойынша сарапшы Дмитрий Казанцев қатысып, салық заңнамасындағы соңғы өзгерістер мен жаңашылдықтарға тоқталды.
Кездесу барысында есептілік жүргізу тәртібі, салықтық міндеттемелер және кәсіпкерлер жиі жіберетін қателіктер талқыланды.
Салық сарапшысы Дмитрий Казанцев:
«Қазіргі таңда заңнамада бірқатар өзгерістер бар. Кәсіпкерлер бұл талаптарды дер кезінде меңгерсе, болашақта айыппұлдар мен қиындықтардың алдын алуға болады», – деп атап өтті.
Форумға қатысушы Найля Одинцова кездесудің маңыздылығын айтып, өз пікірін білдірді:
«Кездесу өте пайдалы өтті. Көптеген сұрақтарыма нақты жауап алдым. Мұндай шаралар кәсіпкерлер үшін қажет», – деді ол.




