Алғыс айту күні – еліміздегі мейірім мен ризашылықтың, сыйластық пен татулықтың мерекесі. Бұл күн – тағдыр тәлкегімен қазақ жеріне қоныс аударған түрлі этнос өкілдеріне құшағын ашқан халқымыздың кеңпейілдігі мен бауырмалдығын еске алатын ерекше дата. Қиын-қыстау заманда бір үзім нанын бөліскен қазақ халқы өзге ұлттарды жатсынбай, ортақ шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүруге жол ашты. Бүгінде Қазақстан – жүзден астам ұлт пен ұлыс өкілдері бейбіт өмір сүріп жатқан бірегей мемлекет. Бұл – елдегі бірлік пен келісім саясатының, өзара құрмет пен түсіністіктің нәтижесі. Алғыс айту күні осы құндылықтарды дәріптеп, өткенге тағзым етуге, жақсылық жасаған жандарға ризашылық білдіруге үндейді. Бұл мереке ең алдымен «рахмет» сөзінің қадірін ұғындырады. Ата-анаға, ұстазға, досқа, әріптеске, елдің дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға алғыс айту – адамгершіліктің белгісі. Алғыс айту арқылы біз жүректерге жылулық сыйлап, қоғамдағы сенім мен сыйластықты арттырамыз. Сондай-ақ бұл күн жас ұрпақты қайырымдылыққа, үлкенді құрметтеуге, кішіні ізеттеуге тәрбиелейді. Тәуелсіз еліміздің болашағы – бірлік пен ынтымақта. Сондықтан әрқайсымыз айналамыздағы адамдарға ризашылығымызды білдіріп, игі істер жасауға ұмтылуымыз керек. Алғыс айту күні құтты болсын! Әр шаңыраққа амандық, береке мен бақ тілейміз. Елімізде әрдайым татулық пен тыныштық орнап, жүректерімізден алғыс пен мейірім сезімі арылмасын




