Қасым-Жомарт Тоқаев Давос форумында таратылған «Президент Дональд Трамптың 365 күн ішіндегі 365 жеңісі» атты ресми құжаттың 177-тармағында Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылуы жетістік ретінде көрсетілгеніне назар аударды. Сонымен қатар, Президент АҚШ көшбасшысына ақыл-парасатқа негізделген ішкі саясатында табыс тіледі. Дональд Трамп Бейбітшілік кеңесін құру бастамасын қолдағаны үшін Тоқаевқа алғыс білдірді.




