Тоғызыншы бөлім «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» мәселелеріне арналған. Құрылтайға көшу және елдегі әкімшілік реформаның жүргізілуіне байланысты осы бөлімнің бірнеше ережелері қайта қаралып, нақтыланған.
Құрылтайдың құрылуы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару бөлімінде де бірқатар нақты өзгерістер мен толықтыруларды енгізуді талап етеді.




