Мемлекет басшысы 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады
Мемлекет басшысы 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл шешім еліміздің технологиялық дамуын жеделдетуге, цифрлық экономика құруға және инновацияларды кеңінен енгізуге бағытталған.
Жарлық аясында мемлекеттік басқару жүйесіне жасанды интеллект технологияларын енгізу, электрондық қызметтердің сапасын арттыру, деректерді өңдеу мен талдаудың заманауи әдістерін қолдану көзделіп отыр. Сонымен қатар білім беру, медицина, өнеркәсіп, көлік және қауіпсіздік салаларында цифрлық шешімдер кеңінен пайдаланылатын болады.
Цифрландыру жылының негізгі мақсаты – азаматтар үшін ыңғайлы, ашық әрі тиімді мемлекеттік қызметтерді қалыптастыру, адами факторды азайтып, процестердің жеделдігін арттыру. Жасанды интеллект еңбек өнімділігін арттырып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына, стартаптар мен IT-жобалардың дамуына серпін береді.
Мемлекет басшысы бұл бастама елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттырып, Қазақстанды цифрлық технологияларды дамытудың өңірлік орталығына айналдыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.




