Құрамында қалалық мәслихатының депутаттары мен Қоғамдық кеңес мүшелері бар комиссия тексеріс барысында Сәтбаев даңғылы, 156-үй мекенжайында бірқатар заң бұзушылықтар орын алғанын анықтады.
Нақтырақ айтқанда, екі пәтердің үшінші тұлғаларға субарендаға берілгені, бір пәтерде ешкімнің тұрмайтыны және тағы бір пәтердің тиісті құжаттарсыз сатылып кеткені белгілі болды.
Аталған фактілер бойынша заң талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылданады. Заңсыз пайдаланылып отырған пәтерлер сот тәртібімен босатылып, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға қайта ұсынылатын болады.
Мемлекеттік тұрғын үй қоры – әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтарға арналған. Сондықтан әрбір пәтердің заңды әрі мақсатты пайдаланылуы қатаң бақылауда болады. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Сәтбаев қаласы әкімінің баспасөз қызметі



