Ата Заңның жаңа жобасына қатысты қоғамдық талқылау жұмыстары жалғасуда. Бүгін Жезқазған қалалық кітапханасы ғимаратында облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Конституциялық реформа – болашақ кепілі» тақырыбында жиын өтті.
Кездесу барысында Конституциялық реформаның мән-маңызы, оның ел дамуына қосар үлесі кеңінен талқыланды. Қатысушылар Ата Заңға енгізілетін өзгерістердің қоғам тұрақтылығын нығайтып, құқықтық мемлекет қағидаттарын жетілдіруге бағытталғанын атап өтті.
Жиында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағындық Қожамсейітов сөз сөйлеп, Конституция – мемлекеттің берік негізі екенін айтты. Ол реформалардың басты мақсаты – әділетті қоғам қалыптастыру және азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту екенін жеткізді.
Жиын соңында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды.




