ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІНЕ ВЕДОМСТВОЛЫҚ БАҒЫНЫСТЫ
ӘСКЕРИ ОҚУ ОРЫНДАРЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Әскери білім беру жүйесі – 4 әскери оқу орны.
Орта білім беру құрамына Щучинск қаласында орналасқан әскери колледжі кіреді.
Жоғары білім деңгейі бойынша Құрлық әскерлерінің Әскери институты, Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты, Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институты жұмыс істейді.
Оқу орнында:
- Әскери қызметшінің толық пакетімен қамтамасыз етіледі;
- Оқуды бітіргеннен кейін алған мамандығы бойынша жұмыспен қамтамасыз етіледі.
САҒАДАТ НҰРМАҒАМБЕТОВ АТЫНДАҒЫ
ҚҰРЛЫҚ ӘСКЕРЛЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ

Мамандықтары:
- Әскери істегі басқару;
- Әскери істегі логистика;
- Әскери ұжымдағы әлеуметтік және идеологиялық жұмыс;
- Әскери ұжымның психологиясы;
- Әскеи істегі инженерлік жүйелер мен желілер;
- Әскери істегі радияциялық, химиялық және биологиялық қорғау;
- Әскери істегі дене шынықтыру және спорт.
Т. Ж. БИГЕЛДИНОВ АТЫНДАҒЫ
ҚОРҒАНЫС КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ

Мамандықтары:
- Мемлекеттік авиацияда әуе кемелерін ұшуда пайдалану;
- Ұшқышсыз ұшу апараттарын ұшуда пайдалану;
- Мемлекеттік авиациядағы авиациялық техника және технологиялар;
- Әскери істегі радионавигация;
- Әскери медицина;
- Әскери фармация;
- Әскери істегі теңіз техникасы мен технологиясы.
РАДИОЭЛЕКТРОНИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС
ӘСКЕРИ-ИНЖЕНЕРЛІК ИНСТИТУТЫ

Мамандықтары:
- Әскери істегі радиотехника және инжиниринг;
- Әскери істегі радиоэлектроника және инжиниринг;
- Әскери істегі автоматтандыру және инфокоммуникациялық технологиялар;
- Әскери істегі ақпарат қауіпсіздігі жүйес;
- Әскери істегі криптология;
- Әскери істегі халықаралық қатынастар және аударма ісі;
- Әскери құрылысты пайдалану, ұйымдастыру және жүзеге асыру, ғимарат пен құрылысты пайдалану.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ
ӘСКЕРИ КОЛЛЕДЖДЕРІ ОҚУҒА ҚАБЫЛДАЙДЫ!
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери колледждері -ТМД-дағы кәсіби сержанттарды даярлау жөніндегі жалғыз орталықтар
Әскери колледжді бітірген соң:
- «әскери істің орта буын менеджменті» мамандығы бойынша техникалық және кәсіби білім туралы диплом беріледі;
- көлік жүргізу курсын бітіргені туралы сертификат беріледі;
- мотоатқыштар, артиллериялық, десанттық-шабуылдау, барлай, танктік, инженерлік-саперлік, ЗХБҚ мен байланыс әскерлерінде және техникалық бөлімшелерінде сияқты әртүрлі әскер тектерінде әскери қызмет өткеру мүмкіндігі;
- бөлімше командирінен бастап Қарулы Күштердің бас сержантына дейінгі сержанттар құрамының лауазымдарында мансаптық өсу мүмкіндігі;
- толық мемлекеттік қамтамасыз етілу, оның ішінде ақшалай үлес, киім-кешек, медициналық қызмет;
- қызметтік тұрғын үймен немесе тұрғын үйді жалға алу немесе сатып алу үшін ай сайынғы тұрғын үй төлемдерімен қамтамасыз етілу;
- әскери қызмет өткеру барысында кезең-кезеңімен біліктілікті арттыру, сонымен қатар шетелде оқу мүмкіндігі;
- зейнеткерлікке 45 жаста шығу және соңғы атқарған лауазым бойынша ақшалай үлестің 50 пайыз мөлшерінде зейнетақы алу мүмкіндігі.
Оқуға түсу үшін:
Ш. Уәлиханов атындағы Әскери колледжіне (Шучинск қ.) :

1) орта мектептің 9, 11 сыныбын бітіру туралы аттестат керек;
2) орташа үлгерім баллы 3.0 -тен кем емес (ҰБТ нәтижесі қажет емес);
3) оқуға түсетін жылы 15 жасқа толған, бірақ 17 жастан үлкен емес 9 сынып үшін және 17 жасқа толған, бірақ 22 жастан үлкен емес (мерзімдік қызметтегі әскери қызметшілер үшін 24 жастан үлкен емес) 11 сынып үшін;
4) тұрғылықты жері бойынша Қорғаныс істері жөніндегі департамент (басқарма) бастығының атына өтініш беру кажет.
Толық ақпаратпен Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының қорғаныс істері бөліміне мына телефонға қоңырау шалу арқылы таныса аласыз:
8 (71063) 3-32-18.
Мекенжай: Сәтбаев қаласы, Гурбы көшесі, 102.




