Осыған байланысты прокуратура органдарының жұмысы, бизнес үшін
келеңсіз салдарлар туындатпау мақсатында кәсіпкерлерге қатысты заңсыз тексеру іс-шараларының жолын алдын ала кесуге бағытталған.
Өз кезегінде, құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органмен тексерулерді тіркеу, есепке алу, бақылау және қадағалау органдарының осы бағыттағы жұмысын үйлестіру, тиісті мемлекеттік құқықтық статистикалық есептілікті қалыптастыру жүзеге асырылады.
Құқықтық статистика деректеріне сәйкес 2025 жылы Ұлытау облысыбойынша мемлекеттік органдармен 1 150 тексеру тағайындалған, олардың ішінде, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты 599 тексеру тағайындалған.
Өз кезегінде, 2024 жылы облыс аумағында 1 500 тексеру, соның ішінде, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты 768 тексеру тағайындалған. Яғни, 2025 жылы 2024 жылмен салыстырғанда, тексерулердің жалпы саны 350-ге (24 %), ал, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тексерулердің саны 169-ға (22 %) азайған.
Тағайындалған тексерулер санының азаюы мемлекеттік органдармен бақылау функцияларын жүзеге асыру кезінде тексеруден бөлек талдау құралдарын кеңінен қолдануының көрсеткіші болып табылады.
Сонымен қатар, 2025 жылы бизнес субъектілерінің құқықтарын қорғау
аясында, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің департаментімен бизнес субъектілеріне қатысты мемлекеттік органдармен заң талаптарын бұза отырып, тағайындалған 15 тексеруді тіркеуден бас тартылды және кәсіпкерлерге қатысты заңсыз жүргізілген 17 тексеру анықталып, олардың жолы кесілді.
Нәтижесінде департаментпен прокурорлық ден қою шаралары қабылданып, кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделері қорғалды, кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Бұдан бөлек, прокуратура органдарының үйлестіруші рөлін күшейту және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мақсатында, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегікомитеті кәсіпкерлерге көмек көрсету үшін «QAMQOR» мобильді қосымшасын әзірледі.
Қосымшаны орнату кезінде кәсіпкердің қызметін тексеру тағайындалса, алдағы тексеру туралы Push - хабарлама келеді.
Сонымен қатар, осы қосымшада тексеруді тағайындаған орган, субъект, тексеру объектісі, тексеру түрі, мерзімі және тақырыбы туралы мәліметтер көрсетіледі.
Кәсіпкерге тексеру басталғанға дейін де, тексеру кезінде де заң бұзушылықтар туралы онлайн шағым жіберуге мүмкіндік беріледі.
Жол берілген бұзушылықтар туралы хабарламалар Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық департаменттеріне дереу жолданады. Бұдан басқа, кәсіпкер қосымшаны пайдалана отырып, тексерудің тіркеу нөмірін енгізу арқылы тексерудің тіркелген - тіркелмегенін біле алады. Сонымен қатар, қосымшада «сұрақ-жауап» өрісі және кәсіпкер онлайн сұрақ қоя алатын чатта бар.
Ал бұның барлығы қосымшамен онлайн режимде жүзеге асырылады және мемлекетпен бизнес-қауымдастықтың өзара ықпалдастығына септігін тигізеді.
ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті




