Қазіргі таңда интернет алаяқтық фактілері күн сайын тіркеліп отыр. Алаяқтар түрлі тәсілдерді қолданып, азаматтарды алдауға тырысуда: белгісіз нөмірлерден қоңырау шалу, жалған хабарламалар жіберу, күмәнді сілтемелер арқылы жеке деректерді қолға түсіру – соның айқын дәлелі.
Жезқазған қаласы Полиция басқармасы тұрғындарды қырағылыққа шақырады. Белгісіз нөмірлерге жауап бермеу, күмәнді сілтемелерге өтпеу және банк картасының нөмірі, CVV-код, SMS арқылы келетін құпия кодтар сияқты жеке деректерді ешкімге хабарламау – өз қауіпсіздігіңізді сақтаудың басты жолы.
Есіңізде болсын, банк қызметкерлері ешқашан телефон арқылы немесе мессенджерлер арқылы жеке деректерді сұрамайды. Күмәнді жағдай туындаған кезде бірден банкке немесе полиция органдарына хабарласу қажет.
Сақтық – қауіпсіздіктің кепілі. Өз қауіпсіздігіңізді қорғау арқылы сіз алаяқтардың құрбаны болудан сақтанасыз.
📍 Жезқазған қаласы Полиция басқармасы




