Өңір басшысы халық күнделікті тұтынатын негізгі өнімдердің, атап айтқанда ұн, нан, сүт өнімдері, өсімдік майы, қант, күріш және өзге де әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасына ерекше назар аударды. Сондай-ақ өнімдердің жеткізілу барысы, қоймадағы қор көлемі мен сауда нүктесіндегі логистикалық үдерістермен танысты.
Кездесу кезінде гипермаркет басшылығымен баға тұрақтылығын қамтамасыз ету, делдалдық тізбектерді қысқарту, тауар бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу және тұрғындар үшін азық-түлік өнімдерінің үздіксіз қолжетімділігін сақтау мәселелері жан-жақты талқыланды.
Аралау қорытындысы бойынша облыс әкімі жауапты мемлекеттік органдар мен сауда нысаны басшылығына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша тұрақты мониторинг жүргізуді, баға тұрақтылығын сақтауды, сондай-ақ халық сұранысына ие өнімдер қорын жеткілікті деңгейде қамтамасыз етуді тапсырды.
Обләкім баспасөз қызметі




