Менің атым — Белген Айтолқын Базарбайқызы. Менің негізгі мамандығым — балалар массажы. Осы сала бойынша кәсіби білімді 2025 жылдың маусым айында Омархан орталығында арнайы оқудан (обучение) өту арқылы алдым. Оқу барысында балалар массажының теориялық негіздерін және практикалық дағдыларын толық меңгеріп, әр жастағы балалармен дұрыс әрі қауіпсіз жұмыс істеуді үйрендім. Қазіргі таңда балалар массажы саласында жарты жылдай тәжірибем бар. Осы уақыт аралығында көптеген балалармен жұмыс істеп, олардың физикалық дамуына, бұлшықет тонусын қалыпқа келтіруге, жалпы денсаулығын жақсартуға өз үлесімді қосып келемін. Балалар массажы баланың жүйке жүйесін тыныштандыруға, қозғалыс белсенділігін арттыруға және иммунитетін нығайтуға үлкен әсер етеді деп есептеймін. Мен әр баланың ерекшелігін ескере отырып, жеке тәсілмен жұмыс істеуге тырысамын. Балалармен қарым-қатынаста сабырлылық, мейірімділік және жауапкершілік басты қағидаларымның бірі. Ата-аналармен тығыз байланыста болып, массаждың барысы мен нәтижесі туралы үнемі ақпарат беріп отырамын. Өз мамандығымды өте жақсы көремін және бұл саланың қоғам үшін маңызы зор деп білемін. Алдағы уақытта білімімді жетілдіріп, қосымша курстардан өтіп, кәсіби деңгейімді одан әрі арттыруды мақсат етемін. Балалардың дені сау, белсенді және бақытты болып өсуіне үлес қосу — менің басты мақсатым.

Бөлісу
Ұқсас мақалалар

ӨЗЕКТІ
Алмағайып заманда еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету

ӨЗЕКТІ
Сәтбаевта 500-ден астам жасөспірім қатысқан «Таза сана – жарқын қоғам» антинаркотикалық форумы өтті

ӨЗЕКТІ
Тазалық – әр азаматтың ортақ міндеті

Жедел
ӨЗЕКТІ