Жезқазған жоғары политехникалық колледжінде «Заң және тәртіп» қағидасы аясында жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Жасөспірімдер арасында нашақорлық, лудомания, алкоголизм, буллинг және суицидтің алдын алу профилактикасы» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараға Жезқазған қаласы прокуратурасының аға прокуроры Серікбай Хаджымұрат Тынымбайұлы және Жезқазған қаласы Полиция бөлімі Қылмыстық-құқық бұзушылықтардың алдын алу тобының инспекторы, полиция капитаны Есенгабулов Азат Маратович қатысты.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және тәрбиелік жұмыстарды күшейту болып табылады. Кездесуге жалпы 1–2 курс студенттерінен құралған 160 студент қатысты.




