Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасында жерді шетел азаматтарына сатуға тыйымның жойылғаны туралы жалған ақпарат тараған.
Аталған мәлімет шындыққа сәйкес келмейді және фактілерді бұрмалау болып табылады. Жер және табиғи ресурстарға қатысты баптар өзгермеген және қазіргі Конституция нормаларына толық сәйкес келеді.
Жалған ақпарат таратқан фактілер құқықтық бағасын алды. Алматы қалалық аудандық әкімшілік сотының шешімімен азамат А. жалған ақпарат таратқаны үшін кінәлі деп танылып, оған 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.
Алматы қалалық полиция департаменті азаматтарға және медиа өкілдеріне тек ресми және тексерілген ақпарат көздеріне сүйенуге шақырады. Жалған ақпаратты тарату Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.




