Кеңес барысында алдағы мерекелік күндерде өңірдегі қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жан-жақты қаралды.
Өңір басшысы мереке күндері «109» жедел әрекет ету қызметінің күшейтілген режимде жұмыс істеуінің маңыздылығына ерекше тоқталып, қала мен аудандардың бекітілген кестеге сәйкес, үйлесімді әрі тұрақты жұмыс істеуін қатаң тапсырды.
Сондай-ақ облыс әкімі тұрғындардың тыныс-тіршілігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында энергетика, су, жылу және газ салаларындағы тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерінің мерекелік кезеңге толық дайын болуын міндеттеді. Бұдан бөлек, төтенше жағдайлардың алдын алу және жедел әрекет ету үшін кезекшілік кестелерін бекіту, авариялық бригадалардың тәулік бойы дайындықта болуын тұрақты бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті.
Қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және инфрақұрылымның үздіксіз жұмысын сақтау мақсатында барлық деңгейдегі автомобиль жолдарын күтіп ұстау жұмыстары да үздіксіз жүргізілуі тиіс екенін өңір басшысы ерекше назарға алды.
Жиын қорытындысында облыс әкімі Дастан Рыспеков 2025 жылы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика қалыптасқанын атап өтіп, алдағы жылы бұл қарқынды одан әрі арттыру қажеттігін жеткізді.





