2026 жылғы 20 қаңтарда Заң мен Тәртіп идеологемасын ілгерілету жөніндегі жоспарға сәйкес Ұлытау облысының білім беру ұйымдарында «Заң қарапайым тілмен» тақырыбында құқықтық сабақтар ұйымдастырылды.
Іс-шаралар прокуратура ардагерлерінің, Полиция департаменті қызметкерлерінің және жергілікті атқарушы орган өкілдерінің қатысуымен өтті. Құқықтық сабақтар Жезқазған қаласындағы №7 мектеп-лицейде, Сәтбаев қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы мектепте, Қаражал қаласының №1 мектебінде, Жаңаарқа ауданының №1 мектеп-лицейінде, сондай-ақ Ұлытау ауданы Жезді кентіндегі №6 мектепте өткізілді.
Сабақтар интерактивті форматта өтіп, оқушыларға қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік мәселелері қарапайым әрі түсінікті тілде түсіндірілді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері өз тәжірибелерінен нақты мысалдар келтіріп, жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға ерекше назар аударды.
Аталған іс-шаралар жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңға құрметпен қарауды қалыптастыруға және құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.




