Ойын барысында белсенді қатысқан және ауданаралық деңгейде жүлделі орындарға ие болған 15 мектеп оқушысы, сонымен бірге облыстық деңгейде ең үздік нәтиже көрсеткен 6 финалист марапатталды.
Финал қорытындысы бойынша 3 студент пен 3 мектеп оқушысы жүлделі I, II және III орындарды иеленіп, дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Аталған жоба жастардың қаржылық сауаттылығын арттыруға және қаржылық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.




