Жасанды интеллект негізгі мамандықтарды қалай өзгертуде?
Жасанды интеллект (AI) бүгінде еңбек нарығын түбегейлі өзгертіп жатыр. Заманауи технологиялардың қарқынды дамуы нәтижесінде бухгалтерлік есеп автоматтандырылып, құқықтық процестер жеделдетілуде, HR саласы үміткерлерді іріктеуде интеллектуалды алгоритмдерді қолдануда, ал бағдарламашылар AI-құралдардың көмегімен жаңа буын шешімдерін әзірлеуде.
Цифрлық трансформация – бұл тек технологиялық жаңғыру ғана емес, сонымен қатар кәсіби құзыреттердің жаңаша қалыптасуы мен жұмыс тәсілдерінің өзгеруі. Бүгінгі таңда нейрожелілер мен интеллектуалды жүйелер мамандардың күнделікті жұмысын жеңілдетіп, өнімділікті арттыруға мүмкіндік беріп отыр.
Кездесу барысында қарастырылатын мәселелер:
IT, бухгалтерия, кадр ісі және іс жүргізу салаларында қолданылатын AI-құралдар;
Рутиналық процестерді автоматтандыру жолдары;
Нейрожелілер арқылы жұмыс тиімділігін арттыру тәсілдері;
Алдағы жылдары сұранысқа ие болатын негізгі дағдылар.
Іс-шара бағдарламашыларға, бухгалтерлерге, HR-мамандарға, іс жүргізушілерге және цифрлық трансформация дәуірінде бәсекеге қабілетті болуды көздейтін барша мамандарға пайдалы болмақ.
📅 23 ақпан
🕒 11:00
📍 Ulytau Hub
Баршаңызды аталған іс-шараға қатысуға шақырамыз!




