Кездесуге Ұлытау ауданының кәсіпкерлер палатасының директоры Сүлейменов А. кәсіпкерлермен бірге қатысты.
Жиын барысында Ұлттық парк аумағындағы резервте тұрған жер учаскелерінде экологиялық туризмді дамыту, сондай-ақ тиісті инфрақұрылымды (жол, санитарлық нысандар, демалыс орындары және т.б.) қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Кәсіпкерлер, аудан әкімдігі және парк қызметкерлері өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, аталған бағыттағы алдағы жұмыстарды бірлесіп жүзеге асыру тетіктерін қарастырды.






