Бүгін «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында Ұлытау облысының кәсіпкерлерімен кездесу өтті. Іс-шараға салалық кеңестердің мүшелері, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Кездесу барысында елімізде жүргізіліп жатқан Конституцияның жаңа редакциясы жан-жақты талқыланды. Атап айтқанда, енгізіліп жатқан өзгерістердің өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, сондай-ақ кәсіпкерлікті қолдау мен қорғауға беретін мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
Жиын аясында кәсіпкерлер өздерінің өзекті мәселелерін көтеріп, нақты ұсыныстарын ортаға салды. Барлық айтылған пікірлер назарға алынып, бизнесті дамытуға кедергі келтіретін түйткілдерді қолданыстағы заңнама шеңберінде бірлесіп шешуге дайын екеніміз атап өтілді.
Ашық әрі сындарлы диалог билік пен бизнес арасындағы тиімді өзара іс-қимылдың негізгі тетігі болып табылады. Осыған байланысты алдағы уақытта да мұндай кездесулерді жүйелі түрде өткізіп, кәсіпкерлер қауымдастығымен тығыз әрі нәтижелі байланыста жұмыс істеу жалғасатын болады.




