Қазіргі таңда Қазақстандағы бизнес жаһандық бәсекелестік, технологиялық өзгерістер және сыртқы сын-қатерлер жағдайында жұмыс істеп отыр. «АгромашХолдинг KZ» АҚ президенті Динара Шукижанованың айтуынша, мұндай жағдайда бизнес үшін шешуші мәнге ие факторлар – тұрақты ережелер, меншікті қорғау және мемлекеттік саясаттың алдын ала болжануы.
«Бизнес үшін ең бастысы – реттеу жүйесінің тұрақтылығы және салынған күш-жігердің қорғалуы. Біз бірнеше жылға арналған даму стратегиясын жоспарлаймыз, сондықтан түсінікті және сенімді институционалды орта қажет», – деп атап өтті Динара Шукижанова.
Арнайы капитал қажет ететін салалардағы кәсіпкерлер өз стратегияларын 7–10 жылға дейін жоспарлайды. Жаңа Конституция жобасы кәсіпкерлік еркіндік пен мүлікті пайдалану құқығын заңдық негізде бекітіп отыр. Монополиялық қызмет заңмен шектеліп, әділетсіз бәсекелестік тыйым салынады, бұл нарықта тең шарттар қалыптастырады.
«Күшті бизнес – елдің өндірістік және кәсіпкерлік әлеуетін қалыптастырады. Ал күшті экономика – күшті мемлекет кепілі», – деп түйіндеді Динара Шукижанова.
Сонымен қатар, мемлекеттік институттардың өкілеттіліктерін қайта бөлу және олардың есептілігін арттыру экономикалық саясатты біркелкі және болжамды етеді, реттеудегі кенет өзгерістердің қаупін азайтады. Бұл шаралар бизнес үшін сенімді әрі тұрақты ортаны қамтамасыз етудің маңызды қадамы болып саналады.




