- Қадірлі жерлестер!
Еліміздің Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Бұл күн – халқымыздың тарихындағы тағдырлы кезеңдерді еске алып, тәуелсіздік үшін күрескен азаматтардың ерлігіне бас иетін қасиетті күн. Желтоқсан оқиғасы – елдік пен еркіндікке деген ұмтылыстың, жас ұрпақтың қайсар рухының айқын көрінісі.
Тәуелсіздік жолында құрбан болған ерлердің есімі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Олардың ерлігі мен отансүйгіштігі – жас ұрпақ үшін өшпес өнеге.
Ардақты ағайын! Еліміз тыныш, тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз бекем болсын. Ерлік рухы ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса берсін-деді Мұрат Ерболатұлы.





