2026 жылға жоспарланған конституциялық реформа – Қазақстанның даму бағытын айқындайтын тарихи қадам. Ұсынылып отырған жаңа Ата Заң жобасы қоғам сұранысына жауап беріп, мемлекеттік басқаруды жетілдіруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтуға бағытталған. Бұл өзгерістер елдің құқықтық жүйесін жаңғыртып, заманауи талаптарға сай берік негіз қалыптастыруды көздейді.
Жоба аясында білім мен ғылым, мәдениет пен инновация салаларына айрықша мән берілген. Сонымен қатар, цифрландыру үдерістері мен азаматтардың цифрлық кеңістіктегі құқықтарын қорғау мәселелері конституциялық деңгейде бекітілуде. Мұның барлығы – елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, болашақ ұрпаққа берік негіз қалдыруға бағытталған нақты қадамдар.
Алдағы референдум – әр азаматтың ел тағдырына бейжай қарамай, өз таңдауын жасауына берілген мүмкіндік. Бұл – ортақ болашақ үшін жауапкершілік танытудың көрінісі. Әрбір дауыс маңызды, әрбір пікір құнды. Себебі Конституция – баршамызға ортақ құндылық, мемлекет дамуының темірқазығы.
Біз бірлігімізді сақтап, тұрақтылық пен келісімді нығайта отырып, жаңару жолында бірге қадам басуымыз керек. Референдумға қатысу – жарқын болашаққа сенім білдіру, ел дамуына үлес қосу.
Болашағымыз үшін бірге таңдау жасайық!




