2026 жылы өтетін конституциялық референдум – Қазақстанның даму жолын айқындайтын тарихи мүмкіндік. Ұсынылып отырған жаңа Ата Заң жобасы мемлекет пен қоғам арасындағы өзара жауапкершілікті арттыруға, құқықтық мемлекетті одан әрі нығайтуға және азаматтардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған. Бұл – елдің болашағына деген ортақ қамқорлық пен жауапкершіліктің көрінісі.
Жаңа Конституцияда білім мен ғылым, мәдениет пен инновация – стратегиялық басымдықтар ретінде айқын көрсетілген. Бұл бағыттар елдің адами капиталын нығайтып, жас ұрпаққа кең мүмкіндіктер береді. Ғылыми зерттеулерді қолдау, жаңа технологияларды енгізу және мәдени құндылықтарды сақтау арқылы Қазақстан бәсекеге қабілетті және заманауи мемлекетке айналады.
Сонымен қатар, цифрлық дәуірге сәйкес жаңа нормалар енгізіледі. Азаматтардың цифрлық кеңістіктегі құқықтары, дербес деректердің қорғалуы және ақпараттық қауіпсіздік шаралары алғаш рет конституциялық деңгейде бекітілмек. Бұл қадам азаматтарға сенімді әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Реформа мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге және қоғамдық қатынастарды тұрақтандыруға бағытталған. Азаматтардың шешім қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігі кеңейтіліп, қоғам мен билік арасындағы сенім нығайтылады.
Алдағы референдум – әр азаматтың ел тағдырына белсенді араласуына берілген мүмкіндік. Әр дауыс маңызды, әр пікір құнды. Болашағымыз үшін бірге таңдау жасап, еліміздің тұрақтылығы мен гүлденуіне үлес қосайық.
Бірлік пен жауапкершілік – жарқын болашақ кепілі. Референдумға қатысып, ел болашағы үшін өз таңдауыңызды жасаңыз!




