«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының президенті Қарлығаш Жаманқұлова жаңа Конституция жобасындағы мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттері үшін өтемақы төлеу нормасын жоғары бағалады. Оның айтуынша, бұл норма елдің құқықтық жүйесін адамға бағдарланған етіп жетілдірудің маңызды қадамы болып табылады.
«Мұндай норма жаңа Конституцияны барынша адамға бағдарланған құжатқа айналдырады. Азаматтар өз құқықтары бұзылған жағдайда өтемақы талап ету мүмкіндігіне ие болады, бұл қоғамдағы әділеттілікті күшейтеді», – деді Қарлығаш Жаманқұлова.
Сөз бостандығын қорғаушының пікірінше, бұл жаңалық мемлекеттік органдардың қызметіндегі заңдылық пен ашықтықты арттыруға, сондай-ақ азаматтар мен билік арасындағы сенімді нығайтуға ықпал етеді. Сонымен қатар, өтемақы төлеу тетігі азаматтардың құқықтық қорғалуын күшейтіп, құқықтық мемлекеттің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Қарлығаш Жаманқұлова жаңа Конституция жобасындағы өзгерістердің азаматтар құқықтарын қорғауға бағытталғанын және олардың қоғамдағы рөлін нығайтуға септігін тигізетінін атап өтті. Ол мұндай нормалар реформалардың адамға бағытталған сипатын айқындайтынын, мемлекет пен азамат арасындағы жауапкершілік қатынасын нақтылайтынын жеткізді.



