Баянтауым – қасиетті кең мекен,
Сол топырақ даналарға кен екен.
Қаныш бабам, ұлттың ұлы ұланы,
Ғылым үшін ғұмыр бойы тер төккен.
Қарсақбайдың қазаны қайнап тұрған,
Кенді өлке көк аспанға сайрап тұрған.
Сол өңірге жан беріп, нұр сепкен ер,
Қаныш еді, ғылыммен із қалдырған.
Жезқазғанның жотасы — алтын тұғыры,
Қазақтың өркені — биік асқақ шыңы.
Тастың тілін сөйлетіп, сырын ашқан,
Қаныш болды ғылымның мәңгі нұры.

Күн мен түнін айырмай еңбек еткен,
Қарсақбайда ол қаншама терін төккен.
Туған жердің төсінен алтын қазып,
Елге нұр мен болашақ белес еккен.
Тау қойнауын сырға толы жер десең,
Сол сырларды шешіп берген елге сен.
Академик, тұңғыш ғалым, дара ер,
Қазақ үшін шамшырақ боп жандың сен.
Тау мен тастың тілін тапқан данасың,
Ғылым жолында жарқырап жанасың.
Металл, кеннің мәнін терең зерттеген,
Қазақ атты елдің ұлы баласысың.
Еңбек етіп ел ертеңін ойладың,
Жер -Анадан байлық іздеп, бойладың.
Сенің жолың – ұлтқа үлгі, мәңгі өнеге,
Ғалым атын алтын әріппен боядың.
Қаныш бабам – елдің болған мақтаны,
Ғалымдықпен өтті қанша ақ таңы.
Сенің арқаң мол байлығы елімнің,
Сенің арқаң кенге байып жатқаны.
Таңшолпан Алпысбай,
«№6 Тірек мектебі (РО)» КММ-сінің 10-сынып оқушысы.
Ұлытау ауданы.




