2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қала аумағында тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару қызметін «Ұлытау ЭкоСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асыра бастады. Аталған компания бұл қызметті көрсету құқығына конкурс нәтижесінде ие болған.
Жаңа оператордың басты мақсаты — қала аумағында санитарлық тазалықты қамтамасыз ету, қоқыс шығару сапасын арттыру және экологиялық талаптардың сақталуын қадағалау. Компания заманауи арнайы техникаларды пайдалана отырып, қоқысты уақытылы әрі жүйелі түрде шығаруды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, «Ұлытау ЭкоСервис» ЖШС алдағы уақытта қалдықтарды бөлек жинау, қайта өңдеуге жіберу үлесін арттыру бағытында бірқатар шараларды іске асыруды көздеуде. Бұл өз кезегінде қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға ықпал етеді.
Қала тұрғындарынан қоқыс шығару кестесін сақтап, тазалыққа жауапкершілікпен қарау сұралады.




