Іс-шараға «Ұлытау» ӘКК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Эмиль Мисбахов, тәуекел-менеджер Асхат Шакаманов, сондай-ақ Кредиттік бағдарламалар және лизинг департаментінің директоры Гүлден Танжар қатысты. Спикерлер бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары мен оны іске асыру тетіктері, сондай-ақ кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындары үшін қатысу шарттары туралы кеңінен баяндады.

Кездесу барысында қаржыландыру мәселелеріне, жобаларға қойылатын талаптарға, жеңілдетілген несиелер беру тәртібіне және бастамаларды іске асырудың барлық кезеңдерінде көрсетілетін қолдау шараларына ерекше назар аударылды. Қатысушылар өзекті сұрақтар бойынша нақты жауаптар алып, «Ауыл аманаты» бағдарламасын өңірде іске асырудың практикалық аспектілерін талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бағдарламаны жүзеге асыруға қатысты ағымдағы мәселелерді пысықтап, халықтың ақпараттандырылуын арттыруға, сондай-ақ Кәсіпкерлер палатасы мен «Ұлытау» ӘКК» АҚ арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған ағымдағы жылға арналған бірлескен жұмыс жоспарын белгіледі.
Мұндай кездесулер ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай қалыптастыруға және Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға ықпал етеді.





