Жаңа Конституция жобасы ашықтық пен жариялылық жағдайында әзірленді. Ұзақ қоғамдық талқылау азаматтардың белсенділігін көрсетті. 10 мыңнан астам ұсыныс келіп түсті.
Комиссияның 12-ші, соңғы отырысында әрбір бап мұқият қаралды. Түрлі мамандар арасында пікірталас туындап, мәтін мазмұндық тұрғыдан жетілдірілді.
Арнайы жұмыс топтары күнделікті еңбек етіп, құқықтық және терминологиялық нақтылықты қамтамасыз етті. Қорытындысында жоба Мемлекет басшысына ұсынылды.
Президент атқарылған жұмысты жоғары бағалап, 2026 жылғы 15 наурызға республикалық референдум белгіледі.
Енді еліміздің жаңа Конституциясын халық болып бірге қабылдаймыз.




