Қазақстан Кәсіподақтар Федерациясы жаңа Конституция жобасын қолдайтынын мәлімдеді. Сатыбалды Даулеталиннің пікірінше, жобадағы әлеуметтік нормалар азаматтардың нақты өмірімен үндес келеді.
«Ашық талқылаулар кезінде еңбек адамдарынан түскен мәселелер – жалақы, еңбек қауіпсіздігі, балалардың болашағы – Конституция жобасына ескерілген. Сондықтан Федерация жобаны толық қолдайды», – деді ол.
Сондай‑ақ, Конституцияда адамның ең басты құндылық ретінде қарастырылуы мен әлеуметтік мемлекеттің қағидаларының бекітілуі барлық мемлекеттік шешімнің басты бағыты болуы керек, деп атап өтті саясаттанушы. Бұл қоғамдағы әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.




