2026 жылғы 11 ақпанда Астана қаласында Еуразиялық интеграция институтының «Ашық саясат» сараптамалық клубы алаңында «Конституция–2026: Қазақстанның саяси жаңғыруының жаңа кезеңі» тақырыбында пікірталас өтті. Жиын барысында жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері кеңінен талқыланды.
Сарапшылар мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, бір палаталы парламентке көшу, партиялық жүйені дамыту және саяси бәсекелестікті арттыру мәселелеріне назар аударды. ЕИИ өкілі Арман Ешмұратов Конституция жобасы қоғамда белсенді талқыланғанын атап өтті. Азаматтар мен ұйымдардан екі мыңнан астам ұсыныс келіп түскен.
Пікірталаста Қазақстан Халық кеңесінің құрылуы азаматтық қоғамның шешім қабылдау үдерісіне қатысуын кеңейтетін маңызды қадам екені айтылды. Сарапшылардың пікірінше, бұл орган қоғамдық ұйымдар мен өңірлік өкілдердің заң шығару бастамасына қатысуына мүмкіндік береді.
Кездесу қорытындысында практикалық ұсынымдар әзірленіп, мемлекеттік органдарға жолданатын болды.




