Қазіргі қоғамда келіспеушіліктер мен даулар өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Отбасында, бизнесте, еңбек қатынастарында немесе қоғамда болсын — пікір қайшылығы туындауы заңды. Мұндай жағдайда ең маңызды сұрақ туындайды: қақтығысты қалай шешеміз — қарсыласу арқылы ма, әлде диалог арқылы ма?
Медиация — бұл диалогты таңдаудың саналы жолы. Ол тараптарға бірін-бірі естуге, өз ұстанымын ашық айтуға және өзара құрметті сақтай отырып шешім табуға мүмкіндік береді. Медиацияның басты құндылығы — жеңімпаз бен жеңілгенді анықтау емес, барлық тарапты қанағаттандыратын ортақ шешімге келу.
Медиация процесінде әр адамның пікірі маңызды. Мұнда ешкімнің дауысы елеусіз қалмайды. Бейтарап медиатор тараптарға өз сезімдері мен мүдделерін қауіпсіз ортада білдіруге көмектеседі, ал бұл өзара түсіністіктің негізін қалайды. Көбіне адамдарды келісімге келтірмейтін себеп — қарсы тарапты тыңдамау немесе түсінбеу. Медиация дәл осы түйінді шешуге бағытталған.
Тағы бір маңызды артықшылығы — құрметті сақтау. Даулар сотқа жеткенде қатынастар жиі бұзылады, ал эмоциялық шиеленіс тереңдей түседі. Ал медиация қарым-қатынасты сақтауға, тіпті нығайтуға мүмкіндік береді. Бұл әсіресе отбасы, әріптестер немесе ұзақ мерзімді серіктестер арасында аса маңызды.
Там, где есть диалог — всегда есть шанс договориться. Медиация осы қағиданы іс жүзінде дәлелдейді. Ол адамдарға жауапкершілікті өз қолына алып, өз мәселесін өздері шешуге мүмкіндік береді. Сондықтан медиация — бұл тек дауды шешу тәсілі ғана емес, бұл өзара түсіністікке, сенімге және келісімге бастайтын мәдениет.




