Ұлытау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған бұл байқау 10 номинация бойынша өткізілді.
Байқау қорытындысында Ұлытау облысы туралы «Үздік рилс» - Айя Рахмет, «Қоғамдық белсенділік пен азаматтық ұстаным үшін» - Ізтөлеу Түсіпов , «Әлеуметтік мәселені көтерген үздік материал» - Зинат Тулегенова, «Әлеуметтік мәселені көтерген үздік материал" – Ақансері Сүлейменов, «Тарих, мәдениет пен туризмді дәріптеген үздік контент» - Айдос Қалмажит, «Креативті идея және инновациялық контент» - Еламан Әбжаппар, «Қоғамдық белсенділік пен азаматтық ұстаным үшін» - Светлана Оңғарбаева, «Үздік подкаст» - Айтжан Бекарыс, «Үздік фейсбук блогер» - Владимир Романьков, «Үздік өндірістік контент» - Орынбасар Айбатыр жеңімпаз болып танылды.
Жеңімпаздарды марапатау рәсімінде Ұлытау облысы Қоғамдық даму басқармасының басшысы Бақытжан Жайлаубаев сөз сөйлеп, құттықтау лебізін білдірді.





