Кеше Конституция жөніндегі комиссияның 12-ші отырысы өтті. Онда жобаның түпкілікті нұсқасы қаралып, бекітілді.
Қоғамдық талқылау барысында 10 мыңнан астам ұсыныс келіп түсті. Әлеуметтік желілердегі пікірлер де назарға алынды. Әрбір түзету кәсіби сараптамадан өтті.
Мемлекет басшысы комиссия еңбегін жоғары бағалап, 15 наурызға референдум белгіледі.




