Астанада өткен «Конституция–2026» тақырыбындағы сараптамалық пікірталас жаңа саяси модельдің мазмұнын айқындауға арналды. Жаңа Конституция жобасы мемлекеттік институттарды нығайтуға және басқару сапасын арттыруға бағытталған.
Сарапшылар партиялық жүйені реформалау мен пропорционалды сайлау моделінің енгізілуі саяси жауапкершілікті күшейтетінін атап өтті. Бұл қадам саяси алаңдағы бәсекелестікті арттыруға ықпал етеді.
Қазақстан Халық кеңесін құру бастамасы делиберативті демократия элементтерін күшейтеді. Жаңа орган қоғамдық ұйымдар, этномәдени бірлестіктер және өңірлік өкілдер арқылы азаматтық қоғамның заң шығару процесіне қатысуын кеңейтеді.
Сонымен қатар, ғылым мен инновацияны конституциялық деңгейде бекіту елдің ұзақмерзімді даму стратегиясының интеллектуалдық негізін қалыптастырады.




