Жаңа жыл қарсаңында «Кенгір» профилакторийінде қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығы — Мәруа Құлышева атындағы орталықтың тәрбиеленушілеріне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Ізгі бастаманың ұйымдастырушысы — Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесі басқармасының мүшесі, «Кенгір» профилакторийінің директоры Марал Жараспаева.




