Конституциялық комиссияның мүшесі болған, «AMANAT» партиясы Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Бекзат Қомарұлы Алтынбеков Сәтбаев қаласындағы аға буын ақсақалдармен және жастар өкілдерімен бас қосты.
Кездесуде ұрпақтар сабақтастығы, конституциялық реформалардың маңызы, елдің болашағы мен қоғамдық келісім мәселелері жан-жақты талқыланды.
Бекзат Алтынбеков Қомарұлы келелі кездесуде Конституция баптары бойынша түсінік беріп, пікір алмасып, көптің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді!




