Техника негізгі және ішкі көшелерге құм мен тұз қоспасын себуде. Жауын-шашынның салдарынан себілген материал суға араласып кетіп жатқанымен, жұмыстар тоқтаусыз жалғасуда. Сонымен қатар, қажетті құм мен тұз қоры жеткілікті екенін растау мақсатында арнайы қойма да тексерілді.
Қала тұрғындары мен автокөлік жүргізушілеріне сақтық шараларын күшейтуге, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жылдамдықты шектеу қажеттігі дүркін –дүркін ескертілуде.
- Қолайсыз ауа райына қарамастан, қала тыныштығы мен тұрғындардың амандығы үшін түннен бері тынымсыз еңбек етіп жатқан коммуналдық сала қызметкерлеріне шынайы алғысымды білдіремін. Бұл — үлкен жауапкершілікті талап ететін, ерен еңбектің айқын көрінісі- деді қала әкімі Мұрат Бөрібаев әлеуметік желі арқылы жасаған Үндеуінде.
Әкімнің айтуына қарағанда, қаладағы ахуал әкімдік тарапынан тұрақты бақылауда, қажетті шаралар алдағы уақытта да қабылданатын болады.




